Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2711/18
Кадры решают все: в КазЦентре ЖКХ обучают сотрудников цифровым технологиям

Кадр бәрін шешеді: ТКШ ҚазОрталығында қызметкерлерді цифрлық технологиялар бойынша оқытуда

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басты кеңсе қызметкерлері мен компанияның өңірлік  өкілдерін оқытуға арналған «ТКШ саласындағы Интернет-заттар секторды цифрлық  трансформациялаудың жолы ретінде» тақырыбында оқыту семинарларының бірінші кезеңін өткізді. Канада энергетикалық институтының сертификатталған дәріскерлері 3 күн бойы қазіргі заманғы цифрлық технологиялар және оларды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында қолдану туралы баяндап берді.

Айта кету керек, бұл – Қазақстандағы ТКШ-ны цифрландыру бойынша өткізілген алғашқы семинарлардың бірі. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басшылығының айтуынша, компания осындай оқыту тренингтерін жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Біз қазір инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін цифрлық трансформациялау бойынша белсенді жұмыс жүргізудеміз және қызметкерлердің қажетті білімі мен технологиялық дағдыларының жоқтығы елеулі кедергі бола алатынын түсінеміз. Барлық өңірлік өкілдерді озық  технологиялармен және оларды ТКШ-да қолданумен таныстыру өте маңызды. Сондықтан біз осындай оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруды және тәжірибелік сабақтарға шоғырландыруды жоспарлап отырмыз», – деді «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев.

ТКШ ҚазОрталығының өңірлік өкілдері семинар туралы өз әсерлерімен бөлісті.

«Біз алғаш рет «блокчейн», «интернет-заттар», «үлкен деректер», «смарт-келісімшарттар» сынды цифрлық туралы, олардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында қалай қолданылатыны және мемлекет пен халық оларды енгізуден қандай артықшылықтарға ие болатыны туралы білдік. Осы 3 күн ішінде көптеген жаңа, қызықты және пайдалы ақпарат алдық, оны жақында іс жүзінде  қолданатын боламыз», - деп атап өтті Алматы облысы бойынша филиал директоры Куннар Рабийчук.

«Біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын аса консерваторлық және проблемалық сала ретінде қарауға үйрендік. Осы оқытудың арқасында біз жаңа цифрлық құралдарды енгізу кезінде оның қандай серпінді және айқын болатынын көрдік. Біз айналамыздағы әлем қалай тез өзгеретінін, бұрын мүлдем естімеген технологиялардың біздің өмірімізге қандай жылдамдықпен келе жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан қазір өмір бойы оқу керек деген түсінік  бұрын-соңды болмағандай өзекті болып отыр», - деді өз сөзінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Сергей Худяков.

Дәріскерлер цифрландырудан басқа жылумен жабдықтау, энергия үнемдеу, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуда және ТКШ саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде озық технологиялармен және тәжірибелермен бөлісті.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2018

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті