Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1911/18
Cтартап-проекты в сфере «зеленых» технологий планируют продвигать совместно с ООН по промышленному развитию (UNIDO) в Казахстане

Қазақстанда «жасыл» технологиялар саласында стартап-жобаларды БҰҰ өнеркәсіптік даму ұйымыммен (UNIDO) бірлесіп дамытпақ

Австриядағы «European Utility Week 2018-ге» сапары аясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ және оның еншілес ұйымы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму ұйымының (UNIDO) басшылығымен кездесті. Тараптар GCIP (The Global Cleantech Innovation Programme) Ғаламдық «таза» және «жасыл» инновациялар бағдарламасына қатысудың алдағы қадамдарын талқылады.

GCIP бағдарламасы «жасыл» технологиялар саласында іске қосылатынстартап-жобаларды қолдауға бағытталған. Ғаламдық Экологиялық қор (GEF) гранттық қаржыландыруға ие болған GCIP елдердің серіктестері өз елдеріндегі кәсіпкерлер арасында конкурс өткізеді және оларды акселерациялау мен  коммерцияландыру үшін ең перспективалық жобаларды таңдайды.

Қазақстаннан ТКШ дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы GCIP-тің елдік серіктесі ретінде анықталды. Бүгінгі күні GEF-ке бірлескен өтінім берудің негізгі бағыттары анықталды, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Грант алған жағдайда 2-3 жыл сайынғы конкурстар өткізу жоспарлануда, олардың әрқайсысына 100-ден 200-ге дейін шағын және орта бизнес өкілдері қатысады. 25 жартылай финалистердің ішінен қазақстандық және шетелдік сарапшылар Ғаламдық байқаудың финалына қатысу үшін Силикон алқабына (Калифорния, АҚШ) баратын 2 финалисті таңдайды.Онда олар Ғаламдық марапаттау үшін бәсекеге түсе алады және өз жобаларын әзірлеу және ілгерілету үшін бүкіл әлемнің әлеуетті серіктестерімен, клиенттерімен және инвесторларымен байланыс орнатады.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, Қазақстан үшін экологиялық таза технологияларды дамыту мәселесі өте маңызды және өзекті.

«Осындай бағдарламаға қатысушы бола отырып, отандық инновациялық стартап-жобаларды іске асыруға ықпал етуі мүмкін. Бұл су және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, қалдықтарды тиімді басқару және басқа мәселелерді шешу үшін жаңа технологиялық бизнес-өнімдерді алуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Айта кету керек, 2014 жылдан бастап UNIDO/GEF-ке 9 елден (Армения, Үндістан, Малайзия, Пәкістан, Түркия, Африка, Вьетнам, Бразилия, Таиланд) 900-ге жуық өтінім ұсынылып, оның ішінде 100-ден астам өтінім қабылданды.

 

Анықтама үшін:

European Utility Week - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ірі іс-шара. Іс-шара бизнестің, инновацияның, тәжірибе мен білім алмасудың алаңы болып табылады –  сарапшылар жыл сайын стратегиялық талқылаулар, іскерлік мәселелерді шешу және тұрақты даму саласында өз мақсаттарына тиімді қол жеткізу үшін кездеседі. 2018 жылы European Utility Week 2018 жылдың 6-8 қарашасы аралығында Венада (Австрия) өтті.

UNIDO (United Nations Industrial Development Organization / Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму ұйымы) - Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі, оның күш-жігері өнімділікті арттыру жолымен кедейшілікпен күреске бағытталған. Ұйым білім, тәжірибе, ақпарат пен технологияны жұмылдырады және осылайша нәтижелі жұмысқа орналасуға, бәсекеге қабілетті экономика мен экологиялық тұрақтылықты дамытуға ықпал етеді.

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС 2011 жылы құрылғаннан бастап, инновациялық технологияларды енгізу және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу үшін ғылыми-технологиялық базаны құру арқылы аналитикалық және ғылыми зерттеулер саласында өз қызметін атқарып келеді. Зерттеулерді дамытудың басты басымдығы - жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) элементтерімен  ең соңғы «таза және жасыл» технологияларды тарта отырып, кейіннен оларды коммуналдық секторға бейімдеп және коммерцияландыру арқылы ауыстыру болып табылады.

Cтартап-проекты в сфере «зеленых» технологий планируют продвигать совместно с ООН по промышленному развитию (UNIDO) в Казахстане

Cтартап-проекты в сфере «зеленых» технологий планируют продвигать совместно с ООН по промышленному развитию (UNIDO) в Казахстане


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2018

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті