Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2911/18
Базовая организацияя по сейсмостойкому строительству СНГ будет создана на базе АО «КазНИИСА»

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ базасында ТМД-ның Сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі базалық ұйымы құрылады

Мәскеу, 29 қараша 2018ж.

ТМД елдерінде сейсмикаға төзімді құрылысты дамыту мәселелерін шешу үшін негізгі алаң Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) болады. Сәйкес шешім ТМД елдерінің Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық кеңесінің отырысында қабылданды.

ТМД-дағы сейсмикаға төзімді құрылыс мәселелерімен айналысатын бірыңғай ұйымды құру қажеттілігі сейсмикаға төзімділік мәселелерінің геофизика, оның ішінде сейсмология және геодинамика міндеттерін шешумен, яғни құрылыс қызметіне қатысы жоқ және ғылыми тұрғыдан көп зерттелмеген тақырыптармен тығыз байланысты болуына байланысты туындады.  ТМД-дағы сейсмикаға төзімді құрылысты дамыту саласындағы бірыңғай тәсіл сондай-ақ күрделі инженерлік-геологиялық жағдайларда әр түрлі конструктивтік шешімдердің орнықтылығына талдау жүргізу және тиімді сейсмикалық оқшаулау әдістерін өндіру қажеттілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ведомстволық бағынышты ұйымының сейсмикаға төзімді құрылыс саласында 87-жылдық тәжірибесі бар. Институттың қажетті ғылыми әлеуеті, сондай-ақ конструкциялардың, натуралық ғимараттардың және олардың фрагменттерінің инерциялық әрекет ететін діріл машинасы және полигондарда сейсмикалық жарылыс әсерлері арқылы статикалық және динамикалық сынауларынан тұратын бірегей эксперименталдық зерттеулер жүргізілетін заманауи жабдықтармен және өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілген эксперименталдық базасы бар. Ғимараттарда орналасқан  Қазақстандағы жалғыз инженерлік-сейсмометриялық станциялар желісі – Алматы қаласында 10 станция, Қапшағай және Тараз қалаларында 1 станциядан ойдағыдай қызмет атқарып тұр. Бұдан әрі оны жаңғырту және кеңейту ұйғарылып отыр.

«Ғимараттардың сейсмикаға төзімділігі міндеттері өзіне тұтас ғылымдар спектрін біріктіреді және әр түрлі бейінді мамандарды тартуды қажет етеді. Өкінішке орай, соңғы 2 онжылдықта сейсмология және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын сарапшылар мен ғалымдар саны айтарлықтай азайғанын белгілеуге мәжбүрміз. ТМД елдірінің аумағында сейсмикаға төзімді құрылыс теориялары мен практикасын дамытуға жағдайлар мен тиімді механизмдер құру үшін біздің мүмкіндіктеріміз бен ғылыми әлеуетті шоғырландыратын уақыт келді», - деп санайды «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры Бегман Кульбаев.

ТМД қатысушы мемлекеттерінің Базалық ұйымының сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы негізгі мақсаттары мен міндеттері мыналар болады:

- ТМД қатысушы мемлекеттерінің ғылыми-зерттеу институттарының тәжірибе алмасу, эксперименталдық-теориялық зерттеулер жүргізу бойынша тиімді серіктестігі үшін шығармашылық платформа ұйымдастыру;

- ТМД қатысушы мемлекеттерінің арасында сейсмикаға төзімді құрылыс бойынша бірыңғай техникалық саясат жүргізу бойынша жан-жақты серіктестігіне жәрдемдесу;

- ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикаға төзімділігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге жас ғалымдарды тарту.

 

Анықтама

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды  және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. 

Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 87 жылдық тәжірибесі бар.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

Базовая организацияя по сейсмостойкому строительству СНГ будет создана на базе АО «КазНИИСА»

Базовая организацияя по сейсмостойкому строительству СНГ будет создана на базе АО «КазНИИСА»

Базовая организацияя по сейсмостойкому строительству СНГ будет создана на базе АО «КазНИИСА»

Базовая организацияя по сейсмостойкому строительству СНГ будет создана на базе АО «КазНИИСА»

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2018

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті