Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Комитет төрағасы

Жайымбетов М.Ж.
Жайымбетов М.Ж.

Білімі жоғары, 1989 жылы Волгоград ауыл шаруашылығы институтын «ауылшаруашылық электрофикациясы» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Кәсіпорындаға экономика және басқару» (салалар бойынша) мамандығы бойынша аяқтады, 2009 жылы философия, экономика және ұлттық экономика менеджменті(бухгалтерлік есеп) докторы (Ph.D) дәрежесін алды. 

Еңбек жолын 1989 жылы «Главагрореммаш» Қызылорда жөндеу-механикалау зауытының энергетигі болып бастады.

1993 – 1998 жылдар аралығында Құмкөл экспедициясының терең бұрғылауды пайдалану «Южнефтегаз» МАҚ-ның энергетигі, цех бастығы, бас энергетигі лауазымдарын атқарды.

1998 – 2000 жылдар аралығында «Харрикейн Кумколь Мунай» ААҚ-ның бас энергетигі, бұрғылау және жер астын күрделі жөндеу объектілері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2000 – 2005 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы «Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз» ААҚ-ның бөлім бастығы лауазымын атқарды.

2005 – 2008 жылдар аралығында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы.

2008 – 2010 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2010 – 2013 жылдар аралығында Қызылорда қаласының әкімі.

2013 – 2014 жылдар аралығында Қызылорда облысы Арал ауданының әкімі лауазымын атқарды.

2014 – 2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті.

2015 жылғы маусымнан бастап 2016 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.

2016 жылғы шілдеден бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы лауазымын атқарады.

© 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті