Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Төраға орынбасары

Идырысов Алмаз Серикболович
Идырысов Алмаз Серикболович

Алмаз Серікболұлы Ыдырысов 1983 жылы дүниеге келген, Қарағанды облысының тумасы, ұлты қазақ.

2005  жылы «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Қарағанды қаласында «Ремстрой сервис - Ас» ЖШС-ның жол жұмысшысы болып бастады.

2005 – 2006 жылдар аралығында «Қазақавтожол» РМК өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші маманы лауазымын атқарды.

2006 жылдың наурыз айынан бастап 2009 жылдың шілде айы аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Пайдалану басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2009 жылдың шілдесінен бастап 2012 жылдың сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Құрылыс және реконструкция басқармасының бастығы лауазымын атқарды.

2012 – 2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Сыртқы займдар басқармасының бастығы лауазымын атқарды.

2014 – 2016 жылдар кезеңінде Астана қаласындағы «Қазавтожол» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

         2016 жылдың қаңтар айынан – 2017 жылғы маусым айы аралығында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаменті директорының лауазымын атқарды.

         2017 жылғы 27 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

© 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті