Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Төраға орынбасары

Бақытжан Аманжолұлы Қашақов
Бақытжан Аманжолұлы Қашақов

Бақытжан Аманжолұлы Качаков 1982 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары.

2002 жылы Қазақ-Америкалық  университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша, 2003 жылы Дикинсон мемлекеттік университетін (АҚШ) қаржы - экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2003 жылы "Компания Терра Холдинг ЛТД» ЖШС-ның қаржы мәселесі бойынша директордың орынбасары болып бастаған.  

2007-2009 жылдары Алматы қаласы бойынша, Медеу ауданы бойынша салық комитеті заңды тұлғалар аудиті бөлімінің  маманы-салық инспекторы, жетекші маманы-жетекші салық инспекторы болып қызмет атқарды.

2009-2012 жылдары Алматы қаласы бойынша салық комитеті Халықаралық салық салу бөлімінің бас маманы-бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй құрылысы департаментінің Ведомстволық бағынысты қаржылық ұйымдармен жұмыс бойынша басқарманың бастығы лауазымын атқарды.

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасының  Өңірлік даму  министрлігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің Құрылыс және қаржы институттарымен жұмыс  басқармасының бас сарапшысы, басшысы лауазымдарын, 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасының  Ұлттық экономика  министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Жобалық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы, қаржы институттарымен жұмыс басқармасының басшысы, Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын экономикалық талдау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2016 жылғы қарашадан 2017 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2017 жылғы 20 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарады.

© 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті