Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Төраға орынбасары

Шаханов Бейбіт Маратханұлы
Шаханов Бейбіт Маратханұлы

Шаханов Бейбіт Маратханұлы, 1979 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Төлеби ауылында туылған, қазақ, білімі жоғары, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін – мамандығы ағылшын тілі, 2002 жылы Қазақ  гуманитарлық - заң университетін – мамандығы заңгер, 2008 жылы Қазақ коммерциялық-қаржы академиясын – қаржы мамандығы бойынша, 2011 жылы Ланкастер Университетін (Ұлыбритания) халықаралық құқық магистрі дәрежесін алып бітірген.

2002 - 2006 жылдар аралығында  ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінде және ҚР Қаржы министірлігінде Заң қызметі департаментінде жетекші маманнан бастап басқарма орынбасарына дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс атқарды.

2006 - 2007 жылдар аралығында «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Заң қызметі департаментінде бас менеджер.

 2008 - 2011 жылдар аралығында ҚР Қорғаныс министірлігі қарамағындағы ұйымдарда: АО «Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ вице-президент,  «Қазақстан ГАЖ Орталығы» АҚ өкілдігінің директоры.

2011 - 2012 жылдар  аралығында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ заң департаменті директоры.

2012 - 2014 жылдар аралығында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Қоршаған ортаны қорғауды мемелекеттік реттеу департаментінің директоры, Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары, Су және биологиялық ресурстар департаменті директорының орынбасары.

2014 - 2015 жылдар аралығында ҚР Энергетика министрлігі Қалдықтарды басқару департаментінің директоры.

2015 жылғы қазаннан бастап 2016 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарады.

2016 жылғы 26 шілдеден бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарады.

 

© 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті