Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы» анықтамалық ақпарат

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілері жүйелерін жаңғырту саласында

2017 жылы бөлінген 41 133,3 млн. теңгеге 98 инвестициялық жоба іріктеліп алынды:

- жылумен жабдықтау желілері - 13,9 млрд. теңге сомасына 19 жоба;

- сумен жабдықтау желілері – 17,5 млрд. теңге сомасына 56 жоба;

- су бұру желілері – 9,5 млрд. теңге сомасына 23 жоба.

Шамамен 1185 км желілерді салу және реконструкциялау жоспарланып отыр, оның ішінде жылу желілері бойынша – 86,6 км; сумен жабдықтау желілері және су бұру желілері – 1097,9 км және 12 басқа объектілер.

Құрылыс мерзімі – 2 жыл, 2018 жылғы желтоқсанда объектілерді аяқтау жоспарлануда.

2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің игеруі 33 957,5 млн. теңге немесе бөлінген қаражаттың 83%-ын құрайды.

928,6 км инженерлік желі салынды, оның ішінде жылумен жабдықтау бойынша – 38,5 км, сумен жабдықтау бойынша – 792,1 км, су бұру бойынша  - 98 км.

2018 жылға 35 861,9 млн. теңге көзделген, оның ішінде 34 380,6 млн. теңге – бюджеттік кредиттеу, 756,5 млн. теңге – бюджеттік субсидиялау, 724,8 млн. теңге – Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) пен оператордың қызметтері.

Қаржыландыру жоспарымен 2018 жылғы 1 қыркүйектегі жай-күйі бойынша 28 394,7  млн. теңге көзделген, оның ішінде 27 770,7 млн. теңге – бюджеттік кредиттеу, 624,0 млн. теңге – Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) пен оператордың қызметтері бойынша, игерілуі 100%-ын құрады.

118,4, км инженерлік желі салынды, оның ішінде сумен жабдықтау бойынша – 116,2 км, жылумен жабдықтау бойынша – 2,2 км.

Жалпы 2018-2019 жылдары кезеңінде көзделген қаражатқа шамамен 279,1 км инженерлік желілерді салып, қайта жаңғырту жоспарланып отыр, оның ішінде: жылумен жабдықтау бойынша – 53,7 км; сумен жабдықтау және су бұру бойынша – 225,4 км, 18 су шаруашылық объектілер және 12 жылу пункттер.

Құрылыс мерзімі – 2 жыл.

Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 2019 жылдың аяғына дейін жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілердің тозуы 57%–дан 53%–ға дейін төмендейді.

 

Жарияланған: 16.03.2017
Жаңартылған: 11.09.2018
© 2018

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті